Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев айтты
Қазақстанда отандық тауарлардың тізілімін құру жоспарланады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Сенат депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына бастамашылық етті.
- Заң жобасында СТ КЗ сертификаттары мен Индустриялық сертификаттың орнына қазақстандық тауарлар реестрін жасау, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдармен локализация үлесін, Қазақстанда шығарылатын тауарлар үлесін ұлғайтуға, шыққанын растау тетіктерін айқын етуге бағытталған өндіріс шарттарын қалыптастыру қарастырылған, - деді Қайрат Балықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Тауарлар реестрі – толық цифрландыруды, өндірісті растау критерийлерін цифрландыруды, сондай-ақ басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияларды ескере отырып, форматты логикалық бақылауды көздейтін Бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе.
Сонымен бірге, заң жобасы өндіріс субъектілері, өндірістік үй-жайлар мен жабдықтар сияқты нысандарды өндіруге қойылатын талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылау енгізуді көздейді.
Заң жобасын биыл қабылдау жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Таразда 900 миллион теңге субсидияны ұрлаған