Құрманғазы атындағы консерваторияның есепшісі 8 жылға сотталды

Ғалия Жұмағұловаға 128 млн теңгені жымқырды деген айып тағылған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Алмалы аудандық сотында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының бұрынғы есепшісі Ғалия Жұмағұлованың соты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Ғалия Жұмағұловаға 128 млн теңгені жымқырды деген айып тағылған болатын.

«Судья Ғалия Жұмағұлованы айыпты деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, оған материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарға орналасуға 10 жылға тыйым салынды. Сотталушының кәмелеттік жасқа толмаған баласы барына байланысты жазасын өтеу мерзімі 5 жылға кейінге шегерілді», - деді Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі.

Іс материалдарына сәйкес, Ғ.Жұмағұлова Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына 127 994 593 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.


Новости партнеров