«Ауыл халқының табысын арттыру» жобасы аясында берілетін несиенің шарттары қандай

13.12.2022 20:32

Бюджеттен 52 млрд теңгеден астам қаржы бөлу көзделіп отыр

© Тұрар Қазанғапов

Келесі жылдан бастап қазақстандықтар «Ауыл халқының табысын арттыру» жобасы бойынша тиімді шарттармен шағын несие ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министрліктің ақпарына сай, ауылдық елдімекендер мен шағын қала тұрғындарының бизнес ашуға және жұмыс істеп тұрған кәсібін кеңейтуіне жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 7 жылға дейін кредит рәсімдеуіне мүмкіндік бар. Несие қаражатын беру операторларын облыстардың жергілікті жердегі әкімдіктері мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы айқындайды. 2023 жылы жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 52 млрд теңгеден астам қаржы бөлу көзделіп отыр.