Жапондық анимеге тұңғыш рет қазақша дубляж жасалды

07.10.2021 20:32

Dopamine Voice тобы алғаш рет көпбөлімді аниме дыбыстауды бастады

somagnews.com

Dopamine Voice тобы алғаш рет көпбөлімді аниме дыбыстауды бастады, деп хабарлайды Almaty.tv. 

«Dopamine Voice тобының көрермендері! Біздің командамыз ең алғаш көпбөлімді аниме «Shingeki no Kyojin», қазақша «Титандар Шабуылының» 1-маусымын дыбыстауды бастады. Бұл дыбыстаманы қазақ тілінде ең алғаш болып біздің топ дубляждады. 1-серияның шығатын күнін белгілеу үшін 20 000 теңге көлемінде донат жинауды жариялаймыз!» – деп жазды Telegram парақшасында Dopamine Voice тобы.