Қара аққу мен ақ түсті аққудың айырмашылығы неде
Шымкент хайуанаттар бағында қара аққу жұбы балапан басып шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
- Біз көптен күткен қара аққу екі ай бұрын 2 балапан басып шығарды. Балапандардың жағдайы жақсы, оларға күтім жасау қызықты болды. Құстар ата-анасының кішкентай көшірмесі. Туылған кезде балапанның түсі сұр болады екен. Өсе келе қара түске айналады. Қара аққу ұясын аталығы пен аналығы бірге салады. Олар балапандарын ұяда бірнеше сағат күш жинатып, су тоғанына шығарады, - деді Шымкент хайуанаттар бағының баспасөз қызметінің өкілі.
Құстар Аустралия аумағында және Тасмания аралдарында мекен етеді. Аустралиялықтардың ең сүйікті құстарының бірі саналады. Олар әртүрлі су қоймаларында, соның ішінде көлдерде, өзендерде өмір сүреді, су өсімдіктерімен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Құстардың қанаттары күшті және жақсы ұшатынына қарамастан, олар қыста жылы жаққа қоныс аудармай, әдеттегі орындарында қыстайды.
- Көптеген адамдарды қара аққу мен аққудың айырмашылығы неде? деген сұрақ қызықтырады. Аққулар мен қара аққулардың негізгі айырмашылығы қауырсынының түсі мен сыртқы түрінде: аққулардың қауырсындары ақ, ал қара аққулардың қауырсыны қара, тұмсықтары қанық қызыл тұмсығының ұшы ақшыл болып келеді. Қара аққудың мойыны ұзын және иілгіш, жүзу кезінде жиі ұзарады. Қанаттарының астында ақ қауырсындары бар, оны қанаттарын қаққанда байқайсыз, - дейді Шымкент хайуанаттар бағының баспасөз қызметінің өкілі.
Жұмыртқаны жарып шыққан қара аққу балапандарының видеосын мына арадан көре аласыздар.
Оқи отырыңыз: Жақсы ұйқыға қандай тағам әсер етеді