Алматыда 1 шілдеге дейін ПИК жұмысын тоқтатады

Almaty.tv
Almaty.tv
Тұрғын үй саясаты басқармасында ашық есік күні өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 1 шілдеге дейін пәтер иелері кооперативтері толығымен жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың орнын мүлік иелері бірлестіктері немесе жай серіктестіктер басады. Осыған орай Тұрғын үй саясаты басқармасында ашық есік күні өтті. Онда қала тұрғындары мамандармен кездесіп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шараның басты мақсаты да осы - басқарудың жаңа формасының артықшылықтарын азаматтарға түсіндіру.

«Бүгінде Алматыда 8 мың 600-ден астам үй бар. Соның 7 мың 517-сі басқарудың жаңа формасына көшуі керек. Бұл іс-шара Алматыда біздің басқарманың бастамасымен 3 рет өткізіліп жатыр», – деді Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Қажин.

«Іс-шараның арқасында 100-ден астам қала тұрғыны арнайы мамандардан кеңес алып үлгерді. Алайда көпшілігі арнайы мобильді қосымшаның барын білмейді», – деді ұйымдастырушылар.

Яғни аталмыш бағдарлама арқылы азаматтар арыз-шағымдарын жолдай алады.

«Халыққа тиімді болсын деп қалада қандай басқарма бар, соларды шақырдық. Түсініктеме жұмысын жүргіздік», – деді Тұрғын үй саясаты басқармасының бас маманы Дастан Маусымбаев.

Новости партнеров