3000-нан астам құтқарушы Жаңа жыл түні кезекшілікке шығады

dknews.kz
dknews.kz
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа жылдық мереке күндері ТЖМ бөлімшелерінің қызметі күшейтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдарының ықтимал төтенше жағдайлар мен оқиғаларға жедел ден қоюға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында мереке және демалыс күндері Қазақстан Республикасы ТЖМ бөлімшелері күшейтілген қызмет атқару режиміне ауыстырылды.

"ТЖМ-нің бүкіл құтқару корпусы күшейтілген режимде дайындықта тұр, оның ішінде 3 000-нан астамы жедел ден қоюға әзірлікке келтіріліп, қызмет атқаруда. Бұл өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының өрт сөндірушісі, жедел-құтқару жасақтарының құтқарушысы, ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметшісі, құтқару авиациясының ұшу құрамы, сейсмологтар, психологиялық қызметтердің өкілі, диспетчерлік қызметтердің жедел кезекшісі", – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, шамамен 1 200 бірлік құтқару техникасы жедел ден қоюға дайындықта тұр.

Барлық бөлімшелерде күштер мен құралдар тексеруден өткізілді.

ТЖМ азаматтарды жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді, қажет болған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Новости партнеров