Елімізде дәрігерлер статусы туралы заң қабылдануы мүмкін

Елімізде дәрігерлер статусы туралы заң қабылдануы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оның алғашқы қадамы осы сала қызметкерлерінің жалақысының өсуінен басталады. Бүгін ел президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері «Оқжетпес» емдік-сауықтыру кешенінің ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар өздері сайлауға ұсынған кандидаттың платформасымен таныстырып, оның саяси өмірге қалай келгенін айтып берді. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының «Өрлеу» бөлімінде әлеуметтік сала қызметкерлеріне қолдау көрсету туралы айтылған. Үміткер дәрігер мәртебесі көтерілмей, ұлт саулығы көтерілмейді дегенді басты назарға алып отыр.

«Бүгінде ұстаздар мәртебесін көтеріп жатсақ Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі дәрігерлердің де мәртебесін көтеру туралы екі рет ұсыныс білдірді. Сондықтан жақын арада осы заң да қабылданады деген сенімдеміз», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласы Бостандық аудандық штабының басшысы Сапар РАХМЕНШИЕВ.

«Үміткеріміз айтқандай, медицина саласы қызметкерлерінің еңбекақысының көтерілуі медицинаның сапасын жоғары деңгейге көтереді деп сенеміз»,  – дейді «Оқжетпес» емдік-сауықтыру кешенінің Алматы қаласы бойынша филиалының бөлім басшысы Толқын ӘДІЛҒАЗИНОВА.

Новости партнеров