Үздік ондық: 2022 жылы қазақстандықтар ең көп сатып алған кітаптар

12.01.2023 18:34
Qaz365.kz

“Меломан” дүкендер желісінің сайты жанрлар бойынша 2022 жылдың үздік кітаптарын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

“Меломан” оқырмандарының нон-фикшн әдебиеттегі таңдауы келесідей:

  • Жолдыбайұлы Қ.: Kemel adam/Кемел адам
  • Кунаев Д.: О моем времени. От Сталина до Горбачева
  • Примаченко О. В.: С тобой я дома. Книга о том, как любить друг друга, оставаясь верными себе
  • Орманбаева Д.: Ты не ушибся, сынок?
  • Лабковский М.: Люблю и понимаю
  • Қонаев Д.: Ақиқаттан аттауға болмайды
  • Дюсембина Г. Ж.: Казахский язык? Легко! Самоучитель в 9-ти простых правилах
  • Момышұлы Бауыржан: Психология войны
  • Шустер Т.: Купи себе эти чертовы лилии. И другие целительные ритуалы для настройки своей жизни
  • Мэнсон М.: Дневник пофигиста: Тонкое искусство пофигизма на практике 
  • “Меломанның” 2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық баспалардан шыққан үздік 10 кітап төмендегідей:

  • Жолдыбайұлы Қ.: Kemel adam/Кемел адам
  • Кунаев Д.: О моем времени. От Сталина до Горбачева/Қонаев Д.: Ақиқаттан аттауға болмайды
  • Орманбаева Д.: Ты не ушибся, сынок?
  • Дюсембина Г. Ж.: Казахский язык? Легко! Самоучитель в 9-ти простых правилах
  • Момышұлы Бауыржан: Психология войны/Момышұлы Бауыржан: Соғыс психологиясы
  • Хей Л.: Әйел даналығы. Бақытты өмір сүру нұсқаулығы
  • Мұсабеков М.: Алтын Адам
  • Үйренуге оңай қазақ тілі. Бастапқы деңгей
  • Болат Д.: Өмірге шексіз ғашық
  • Асемкулов Т., Наурзбаева З.: Субъект(-ив)ная казахская культура                
  • Байқағандарыңыздай, екі рейтинг бойынша “Кемел адам” кітабы көш бастап тұр. Автор Қайрат Жолдыбайұлы бұл кітабында жан-жақты жетілген идеалды адамның қасиеттері мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқырманын “кемел адам” болуға шақырады. Кітаптың бірінші бөлімінде кемелденудің психологиялық кедергілері түсіндіріліп, түйіні тарқатылса, екінші бөлімде тән сау- лығының маңыздылығы, денсаулықты күтудің жолдары мен жай-жапсары баяндалады. Үшінші бөлімде уақытты тиімді пайдалану және жоспарлау тәсілдері мен тетіктері берілген. Төртінші бөлімде қаржылық сауаттылық жайлы түсіндіріліп, тапқан табысты нәтижелі жұмсаудың бағыт-бағдары айтылады. Ал бесінші, алтыншы бөлімде эмоциялық зерде, яғни байсалдылық танытып, көңіл-күй, сезімдерімізді басқару тәсілдері мен қарым-қатынас қағидалары жан-жақты түсіндіріледі. Әр бөлім мысалдар және рухани ұстын, қағидалармен бекітіліп отырады.

    Теги: книги