Қанат Шарлапаевтың мәліметінше, құрылыстың 80 пайызы аяқталған
Су тасқынынан зардап шеккен бұқараның баспанасы бірінші қыркүйекке дейін дайын болады. Осылай деп сендірген Өнеркәсіп және құрылыс министрі солтүстік өңірдегі құрылыстың ойдағыдай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қанат Шарлапаевтың мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында - 775, Ақмола облысында - 330, Ақтөбе облысында - 504, Атырауда 100 үй салынып жатыр. Бұлардың 80 пайызы аяқталуға жақын.
Айта кетсек, 3 айдың ішінде бір ғана Қостанай облысында 60-қа жуық отбасы қоныс тойын тойлаған. Бұдан бөлек, бүгінде жөндеуді қажет ететін 815 нысан қалпына келтіріліп жатыр.
«Бірнеше нысанның құрылысы 15-20 қыркүйекке дейін созылуы мүмкін. Басты мақсатымыз - қыркүйектің аяғына дейін құрылысты толықтай аяқтау. Қазіргі таңда БҚО Бөрілі ауданында 60 үй толық аяқталған. Сырым ауданында 14 үй пайдалануға берілді», - дейді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.