Сот отырысы 13 наурыз күні сағат 15.00 Алматы қалалық сотында өтеді
Денис Тенді өлтіргендер тағы да сот алдында жауапқа тартылады. Бұл жолы іс апелляциялық шағым бойынша қаралады, деп хабарлайды Алматы қалалық сот баспасөз қызметі
Денис Тенді өлтіргендері үшін сотталған Құдайбергенов, Қиясов және Толыбаеваның апелляциялық шағымдары 2019 жылдың 17 қаңтар күні қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық сотқа түскен болатын.
Сот отырысы 13 наурыз күні сағат 15.00 Алматы қалалық сотында өтеді.
Еске сала кетейік, Оксана Теннің сот үкіміне шағымданатынын айтқан болатын.