Кәсіби біліктілікті арттыру: «Қызыл ағаш» полигонында ұшқыштардың жаттығуы басталды

14.07.2023 20:37

Іс-шараға Қарағанды, Шымкент және Талдықорған қаласының ұшқыштары, жерүсті авиациясының мамандары қатысып жатыр

Almaty.tv

«Қызыл ағаш» полигонында авиациялық қаруды қолдану жаттығулары басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға Қарағанды, Шымкент және Талдықорған қаласының ұшқыштары мен жерүсті авиациясының мамандары қатысып жатыр. Жауынгерлік дайындық барысында ұшқыштар Су-30СМ көпмақсатты жойғыштары мен Су-25 шабуылдаушы ұшақтарының борттық қару-жарақ жүйелерімен жұмыс істейді.

– Қазіргі уақытта біздің ұшқыштар әуе бомбасымен басқарусыз зымырандарды жердегі нысанға тура тигізу мақсатында жаттығу өткізіліп жатыр. Ал инженерлік техникалық құрам сол зымырандар мен әуе бомбаларын жерде дайындап ұшақтарға іліп, тексеріп, өз біліктілігін арттыру мақсатында және сол нысанаға дәл тигізу мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр, – деді Жойғыш авиациялық эскадрилья командирінің инженерлік-авиациялық құрам жөніндегі орынбасары Мақсат Байжігітов.

Оқу-жаттығу жиынына Қазақстан Әскери-әуе күштері құрамдас бөліктерінің кадрлық және техникалық ресурсы түгел жұмылдырылған. Іс-шараның мақсаты – мамандардың біліктілігін арттырып, жас ұшқыштардың кәсіби дағдыларын дамыту.

– Менің жас ұшқыш маман ретінде біліктілігімді шыңдау мақсатында алғаш рет келуім. Жауынгерлік жұмыс барысында әуе бомбалары, басқарылмайтын зымырандар, басқа да жердегі нысаналар бойынша ұшақтардың борттық зеңбірекпен қарулануы қолданылатын болады, – деді Жойғыш авиациялық эскадрильясының аға-ұшқышы Айдос Өмірзақ.