|
20.03.2024 | 15:37
745

ШҚО-да орман шаруашылығы басшылары жеке кәсіп иелерін алдап, жұмысқа тартқан

Өңірде дәл осындай 112 жағдай анықталған

ШҚО-да орман шаруашылығы басшылары жеке кәсіп иелерін алдап, жұмысқа тартқан Almaty.tv

ШҚО-да орман шаруашылығы басшылары жеке кәсіп иелерін алдап, оларды тазарту жұмыстарына тартқан. Қулығын жүзеге асыру үшін атқамінерлер өздері жасауы тиіс тірлікті кәсіпкерлерге артып қана қоймай, олардан қосымша ақша талап еткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сорақысы сол, айласын асырған шенеуніктер орман аумағындағы тазарту және қалпына келтіру жұмыстарын қатырдық деп, бірнеше рет мемлекетке ресми есеп берген. Табиғатты қорғау прокуратурасының мәліметінше, өңірде кем дегенде дәл осындай 112 жағдай анықталған.

Айта кеткен жөн, облыста браконьерлермен күрес қарқынды түрде жалғасуда. Өткен жылы заңсыз ағаш кесудің 50-ге жуық жағдайы анықталған.

– Қазіргі шарттарға өзгеріс енгіздік. 112 бизнес субъектісінің құқығы қорғалды. Орман өнімдерін сатып алу тарифіне барлық қызмет түрі және қосымша жұмыстар кіреді. Орман шаруашылығының басшылығы аталған қызметтің бәрін көрсетіп, белгіленген жұмысын жасау керек, – деді Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Александр Акулов.

Оқи отырыңыз: Таразда 900 миллион теңге субсидияны ұрлаған

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир