Бүгіннен бастап «Алматы» телеарнасының студиялық павильонында заманға сай, соңғы әрі озық үлгідегі телевизиялық техникалармен толықты. Атап айтқанда, AW-UE 150W камерасы мен автоматты түрде басқарылатын Tecnopoint TUNING құрылғысы жаңалықтар студиясында, ақпараттық бағдарламаларды тікелей эфирде жүргізу үшін іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Алматы» телеарнасы өз өнімдерін жаңа сапалық деңгейге көтеру мақсатында екі бірдей PTZ-камерасын сәтті түрде тестілік мерзімнен өткізді. Сапасы студиялық камерадан артық болмаса, кем түспейтін PTZ-камераның ерекшелігі неде дейсіз ғой? Бүгінде виртуалды студияның айрықша сұранысқа ие бола бастағанын ескерсек, аталмыш камераның ішіне орнатылған тетіктер арқылы кеңістікті өзгерте алуға болады.
«Біздің телеарнамыз жаңа студиялық жабдық – PTZ камераларын іске қосуда. Бұл – объектив бағытын қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін роботты құрылғы. Аталмыш қадам арнамызды телевизиялық сурет сапасын жаңа деңгейге көтереді, сонымен қатар тележобалармен жұмыс істеуде заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деді «Алматы» телеарнасының бас режиссер Павел Скоробогатов.
«1-типті үлкен MOS-матрицамен жабдықталған бұл жаңа PTZ-камераларында 4K 50p форматындағы жоғары кескін сапасы, 75,1 градусқа жуық кеңінен шолу бұрышы, 20x оптикалық зум бар және түрлі шығысты, соның ішінде 12G-SDI, HDMI, оптикалық-талшықты және IP таңдауға мүмкіндік береді. 4K/HD форматында бір уақытта жұмыс істей алатын PTZ-камералары болашақты бағдарға алған камера жүйесіне қол жеткізгісі келетіндер үшін таптырмас мүмкіндік болмақ», - деді «Алматы» телеарнасының техникалық департаментінің директоры Мадиар Сарсенбиев.
Сонымен қатар «Алматы» телеарнасының телевизиялық студиялық техникасын толықтырған құрылғылардың бірі – Tecnopoint TUNING жүйесі. Бір ғана адамның бірнеше камераны операторсыз басқаруы мүмкіндік беретін аталмыш техника түсірілім сапасын жаңа деңгейге көтерері анық.
«Камераның ішіне орнатылған датчиктер виртуалды бағдарлама арқылы адам ойына келмейтін ғажаптарды шындыққа айналдыра алады, Мәселен, сіз отырған кеңсені әп-сәтте жаймашуақ жағажайға немесе Манхэттенге алмастырып жіберуге болады. Сонымен қатар, кабельдер, басқару пульті, студиялық база, объектив сияқты көптеген құрылғысы бар әрі бағасы өте қымбат тұратын студиялық камераға қарағанда, бағасы арзан әрі сапасы да жоғары PTZ камерасының қолдану аясыда кең. Ол тек телеарналарды ғана емес, көлемі аса үлкен стадиондар, дәріс залдарын, мешіт-шіркеулерді және т.б. шексіз сегментті қамти алады», – деп атап өтті ТМД бойынша Panasonic Маркетинг компаниялар тобының Жүйелік шешімдер департаментінің кәсіпқой хабар тарату жабдықтарының маманы Марлен Алмабаев.
Tecnopoint TUNING жүйесі – рельстік жүйе. Оның үстінде автоматты арбасы бар. Сол арба арлы-берлі жүргенде PTZ-камера еш операторсыз-ақ, бір адамның басқаруы бойынша студияда сөйлеп отырған бірнеше адамның әрқайсын камера объективіне алады. Яғни, бір режиссер барлық камераны операторсыз басқара алады.
Айта кетерлігі, республиканың барша аймағын қамти отырып, баламалы, сандық, спутниктік, кабельді және интернет сегментте хабарлар тарата алатын «Алматы» телеарнасы өндірістік жұмыс барысында осы камералар арқылы жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік алады.