Жамбыл облысында әлеуметтік жобалардың құрылысы тоқтап тұр

05.07.2024 20:38

Мемлекеттен қаржы бөлінсе де мектеп, дәрігерлік амбулатория сынды нысандардың іргесі әлі қаланбаған

Almaty.tv

Жамбыл облысында 20 млрд теңгелік әлеуметтік жобалардың құрылысы тоқтап тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекеттен қаржы бөлінсе де мектеп, дәрігерлік амбулатория сынды нысандардың іргесі әлі қаланбаған. Жоспар бойынша биыл облыста 80 әлеуметтік жоба салынуы тиіс еді. Алайда кейбірінде мемлекеттік сатып алу процесі дұрыс болмады деген мердігерлер бір-бірімен соттасып жатыр. Сондай-ақ Тараздағы №15 мектеп-гимназияның қосымша ғимаратына шамадан тыс қаржы бөлінген дейді депутаттар.

«Қосымша 300 орынға салынып жатқан құрылысқа бөлінген 2,6 млрд теңге - өте көп қаражат. Менің ойымша, мемлекеттік сатып алу басқармасының нашар жұмысының кесірінен көптеген нысанның жұмысы өте мардымсыз әрі баяу жүріп жатыр», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров.  

Оқи отырыңыз: Алматыда жыл басынан бері 2 мың бала қызылшамен ауырған