Алабай көшеде келе жатқан оқушыға тап берді (ВИДЕО)
Оқиға Ресейдің Красноярск өлкесінде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Красноярск өлкесінің Иланский қаласында алабай оқушыға тап берді. Оқиға көліктегі бейнекамераға жазылған, деп хабарлады life.ru.
Оқушыны алабайдан жергілікті тұрғындар аман алып қалыпты. Олардың айтуынша, бұл бірінші рет емес, ит бұған дейін де адамдарға бірнеше рет ауыз салған.
Куәгерлерінің бірі жазбада оқиғаның толық көрсетілмегенін айтты.
Тұрғындар алабайдың қожайынымен дауласыпты. Ол итінің адамдарға шабуылдайтынын мойындамаған.
«Қаннен-қаперсіз көшеде келе жатқан баланы қауып алған итті көріп, әлі есімді жия алмай отырмын. Күйеуім де шошып қалды», - дейді куәгерлердің бірі.
Баланың қаншалықты зардап шеккені белгісіз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25