Тау тереңдіген аққан емдік судың температурасы +26,5 градус
Кіші Алматының шатқалында ерекше демалыс орталығы бар. Тау тереңдіген аққан ыстық су адам денсаулығына пайдасы мол. Көпшілік арасында «Алма-Арасан» аталып кеткен демалыс орталығына Қазақстаннан бөлек, шетелдік туристер де көп келеді. Соңғы кезде мұндай халық көп жиналатын демалыс орындарына әкімшілік тараптан да ерекше көңіл бөлініп отыр. Демалыс үшін бар жағдай жасалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Демалыс орны Алматы қаласынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұған дейін бұл жерде бір құбырдан басқа еш нәрсе болмаған. Кейін кәсіпкерлер қолға алып тұрғындар демалатын шағын демалыс орталығын құрыпты. Бүгінде демалыс кешені қысы-жазы жұмыс істейді. Шуақты күні таудан аққан суға шомылуға келгендер көп болды.
«Ара-райының бұзылуына қарамай, бұл жерге аптасына бір мәрте келіп тұрамын. Бүгін, ауа-райы өте тамаша. Шомылып шыққанан кейін, өзімді сергек сезінемін. Тау етегінде суға түскеннен артық демалыс жоқ деп есептеймі. Алматылықтар мен қала қонақтарын мұндай әсем табиғат аясында жиірек болуға кеңес берер едім. Таза ауамен тыныстап, денсаулықты шымыр етуге таптырмас орын. Алматы қаласы -осынысымен ерекше», – дейді демалушылардың бірі Сергей СКОРИКОВ.
Үлкен ыдысқа су таудың 320 метр тереңдігінен ағып жатыр. Оның температурасы +26 градус. Мамандардың айтуынша, судың адам денсаулығына пайдасы зор. Бұл – емдік қасиеті бар, шипалы, тұзды су. Тері, буын сырқырауы және түрлі аллергиялық ауруларға емдік әсері мол. Тау тереңдігінен тәулігіне 760 м куб су ағады екен.
«Бұл таудан ағып жатқан емдік қасиеті бар суды ішуге де болады. Бірақ, өзінің белгілі мөлшері ғана бар. Адамдар, суға түсіп демалып кетуден бөлек, бөтелкелерге құйып алып кетіп жатады. Судың құрамы адам ағзасына қажетті химиялық элементтерге толы. Мәселен, гидокорбонат, сульфат, натрий және басқа да элементтер кездеседі», – деді демалыс орталығының инженер-технологы Сергей КУМИН.
Соңғы уақытта «Медеу» демалыс орталығына әкімшілік тарапынан да ерекше көңіл бөлініп келеді. Табиғаттың әсем көркі мен тау етегіндегі сурет тәріздес көріністер туристер мен тұрғындарды өзіне еріксіз тартады. Бұл жер 3 жыл бұрын ашылған. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін жұмыс істейді. Мұнда жаяу немесе вилосипедпен келуге болады.
Тау тереңдіген аққан судың температурасы +26,5 градус. Құбырмен бойлап жетем дегенше 25 градусқа төмендейді екен. «Ағын судың арамы жоқ» дейді ғой, арнайы түсірілім тобымызбен келгеннен кейін, біз де байқап көрдік.
«Осы суға әр жеті сайын түсіп тұрамын. Бұдан алған әсерім керемет. Апта сайын осы суға түсіп тұрған адам өзін сергек ұстайды. Денсаулықтарыңыз мықты болып, өздеріңізді сергек сезінесіздер», – деді Нұрлан ЖАНПЕЙІСОВ.
Арасанға ересек адамдардан бөлек, кішкентай балалар да жиі келеді. Мамандардың айтуынша, қыс мезілігінде суға түсу аса қауіпті. Мұндай жағдайларда тұрғындарға қауіпсіздік ережелерді толық сақтауға кеңес береді.
Ұлағат АРҒЫН, Мейрам ИСАБЕКОВ, «Алматы» телеарнасы