|
30.01.2023 | 16:09
1617

Банкроттық рәсім: ерлі-зайыптылардың дүние-мүлкі ескеріледі

Өтінім беру наурыз айынан басталады

Банкроттық рәсім: ерлі-зайыптылардың дүние-мүлкі ескеріледі Almaty.tv

Банкроттыққа өтінім берерде ерлі-зайыптылардың мүлкі де ескеріледі. Яғни, отбасы мүшелерінің активтері, қарызы да назардан тыс қалмайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы министрлігінің ақпарына сай, егер некелескеннен кейін ерлі-зайыптының ортақ мүлкі болса, бұл мүлік банкроттық процедурасы кезінде өтініш берушінің қосымша активі ретінде саналады, тексеріледі. Мысалы автокөліктен басқа жекеменшік пәтері немесе үлесі болса, ол қарызын төлеуге мүмкіндігі бар азамат ретінде қарастырылады. Банкроттыққа өткізілмейді екен.      

«Банкроттық процедурасы кезінде біз азаматтың мүлкі, отбасының мүлкі немесе қарызы, басқа да активтері бойынша мағлұматты жинаймыз. Егер де жалған ақпарат ұсынғаны немесе өз мүлкін отбасы мүшесіне аударғаны анықталса, әлгі азамат процедурадан өтпейді», – деді  ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Айта кетейін, банкроттыққа өтінім беру наурыз айынан басталады. Жеке тұлға өзін үш тәсіл арқылы банкрот етіп жариялай алады. Алғашқысы, соттан тыс банкроттық, екіншісі сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бұл рәсімдерді тек қарыз алушының өзі ғана бастай алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты осы рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир