«Бастау бизнес» жобасына өтінім қабылдау басталды

almaty.tv
almaty.tv
Бес жыл ішінде «Бастау бизнес» бойынша 151 мың қазақстандық кәсіпкерлік бойынша білім алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Бастау бизнес» жобасына кезекті өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төртінші лекте жыл соңына дейін 2 мың адам кәсіпкерлік білім негіздерін оқып шығуға мүмкіндік алады. Ең үздік деп танылған бизнес идея үшін жарты миллион теңге көлемінде грант беріледі. Жобаға қатысамын деушілер Жұмыспен қамту орталығына хабарласып, қажетті құжаттарын өткізсе болады. Бес жыл ішінде «Бастау бизнес» бойынша 151 мың қазақстандық кәсіпкерлік бойынша білім алды. Басты мақсат  екі қолға бір күрек таппай жүргендерге, аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, өз кәсібін ашуға жәрдемдесу.

«Алматы қаласы бойынша 2 мың грант берілген. Соның 801-і бірінші лекте оқып шықты, екінші потокта бізде 606 адам оқыды. Үшіншісі, төртіншісі бойынша есеп жүріп жатыр. «Атамекен» палатасы негізгі оператор болып есептелінеді. Қатысушы оқып болғаннан кейін жұмыспен қамту орталығынан жолдама алады. Сол жолдама бойынша бізге келіп, «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқиды», – деді «Атамекен» ҰКП Медеу ауданы бойынша жобаның жетекші кеңесшісі Рауан Жәлел.

Новости партнеров