Елдімекендерде су тасқыны орын алса, өңір әкімі жауапкершілікке тартылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Сенатордың айтуынша, елдегі 250-ден астам елдімекенге қатер басым екендігі туралы ескерту жіберілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елдімекендерде су тасқыны орын алған жағдайда өңір әкімі жауапкершілікке тартылады. Жергілікті билік алдын - алу жұмыстарын тиісті деңгейде атқармаса осындай шара қолданылмақ. Бұл туралы бүгін жоғары палатада өткен комиссия отырысында депутат Ғалиасқар Сарыбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жергілікті атқарушы органдардың басшылары әрине, өздеріне қатысты болса жауап беруі керек. бұл жердегі жаңағы бөгеттер, басқарушы құрылғылар меншік иелері әртүрлі азаматтар. Соны толығымен қарастыру керек», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев.

Сенатордың айтуынша, елдегі 250-ден астам елдімекенге қатер басым екендігі туралы ескерту жіберілген. Халық қалаулысының айтуынша, жұмыс тобы құрылып, апатты болдырмау іс-шаралары атқарылып жатыр. Айта кетсек, наурыз айында ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері көп болады.

Оқи отырыңыз: Елімізде 396 жол учаскесін су басу қаупі бар

Новости партнеров