|
13.12.2021 | 18:20
8238

Алматыда алып бала дүниеге келді

Оның салмағы 6 келі 280 грамм, бойы 66 см

Алматыда алып бала дүниеге келді inform.kz

Алматы қаласында салмағы 6,2 келі, бойы 66 сантиметр нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кішкентай алып Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына кесар тілігімен дүниеге келді. Оның салмағы 6 келі 280 грамм, бойы 66 см. 

«Тұңғыш баласын өмірге әкелген 20 жастағы ананың жағдайы қазір қанағаттанарлық. Сәби анасының қасында. Жаңа туған нәрестенің денсаулығы өте жақсы, ол дәрігерлердің бақылауында», – деді орталық директоры Гүлнар Нұрланова. 

Директордың айтуынша, бұл Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында мұндай салмақпен туған алғашқы оқиға. 

«Бізде аналар үлкен салмақпен сәбилерді дүниеге әкеп жатады. Соңғы рет салмағы 5, 8 келі нәресте дүниеге келген болатын. Бірақ біздің Орталықта 6 келі 280 грамм бірінші рет болып отыр», – дейді Гүлнар Нұрланова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир