9 шілдеде №99 бағыттағы автобус жүргізушісі мен самокат иесі арасында қақтығыс туындаған болатын
Алматыда автобус жүргізушісі мен самокат иесі татуласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Автопарк хабарлағандай, самокат иесі автобус жүргізушісін ұрғаны үшін өтемақы төледі.
«Жүргізуші татуласуға келісім берді. Айыпты жігіт кінәсін мойындады. Біздің қызметкерімізге өтемақы төледі», - деді автопарктен.
Айта кетейік, оқиға 9 шілдеде болған. №99 бағыттағы автобус жүргізушісі мен самокат айдаушы арасында түсініспеушілік туындап, самокатшы автобус жүргізушісін соққыға жыққан болатын.