Мемлекет басшысы «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты

21.03.2023 22:52

Президент игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді

Ақорда

Президент мерекелік іс-шарада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Акцияның мақсаты – наурыз айында халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасынан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хатта жазылған өтініш-тілегін орындау.

Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.

Тоқаев: Ұлыстың ұлы күні – жаңа өмірдің жаршысы


Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар Президент игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев: Ұлыстың ұлы күні – жаңа өмірдің жаршысы