Әкім сайлауы белсенді азаматтарға қосымша мүмкіндіктер туғызды – Ерлан Қарин

akorda.kz
akorda.kz
25 шілдеде еліміз бойынша 730 елдімекеннің әкімі тікелей сайлау арқылы анықталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдардың әкімдерін сайлауға 2297 үміткер тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«14 шілдеде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу аяқталды. Республика бойынша сайлауға қатысу үшін жалпы 2582 адам өз кандидатурасын ұсынды, оның 2297-сі немесе 88,9% қажетті тіркеуден өтті. Саяси партия кандидаттары – 878 адам (38,2%)», – деп жазды Е. Қарин Telegram желісіндегі парақшасында. 

Президент көмекшісі еліміздің барлық 6 саяси партиясы ауыл әкімдігіне өз кандидаттарын ұсынғанын атап өтті.

Сондай-ақ, үміткерлердің көпшілігі, тіркелгендердің 1419-ы немесе 61,8%-ы – өзін-өзі ұсынғандар.

«Яғни, жаңа нормалар белсенді азаматтар үшін өз әлеуетін іске асыруға қосымша мүмкіндік берді. Мұның бәрі Президенттік саяси реформалардың қоғамда үлкен қызығушылық тудырғанын көрсетеді», – дейді Ерлан Қарин.

Еске сала кетсек, 25 шілдеде еліміз бойынша 730 елдімекеннің әкімі тікелей сайлау арқылы анықталады.

Новости партнеров