Алматы полициясы қалта ұрыларының суретін жариялады

Тengrinews.kz фотоколлажы
Тengrinews.kz фотоколлажы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бір ай ішінде полицейлер 70-тен аса қалта ұрыларын ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.  

Алматы аумағында полицияның Жедел іздестіру бөлімінің қызметкерлері қоғамдық орындарда бөтеннің мүлкін ұрлау ісімен айналысқан қалта ұрыларын құрықтады.

«Бір жағдайда қаладағы сауда орталықтарының бірінің келушісі затын ұрлатқан. Күдікті, 1990 жылғы И. атты азамат өзгенің қалтасынан 18 мың теңге көлемінде қаражатты ұрлаған. Біраз уақыттан кейін қаладағы тағы бір сауда үйінде осыған ұқсас қылмыс болған, мұнда 1991 жылы туған М. деген азамат ұрлық жасаған. Күдікті әйелдің қалтасынан ақша мен құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткен. Тағы бір қылмыстық оқиғадан Алматы қаласының қарт тұрғыны зардап шекті. Ер адам қаладағы орталық көшелердің бірінде ірі көлемде қаражат ұрлатқан. Ұры - 38 жастағы әйел адам. Ер адам болған жағдайдан біраз уақыт бойы өзіне келе алмаған. Сонымен қатар, екі ұры ұялы телефондарды ұрлау арқылы нәпақа таппақшы болған», - деді Алматы полициясы департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Полиция департаментінің өкілдері қылмыскерлер барлық жағдайларда ізін суытпай ұсталғанын айтады. Қазіргі уақытта аудандық полиция басқармаларында ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.  

Сонымен қатар, мегаполис полиция қызметкерлері азаматтарға қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.


Новости партнеров