Енеңе жасаған жақсылығыңды міндетсінбе – психотерапевт кеңесі

27.09.2021 в 20:42

Қазақстан ажырасудан ТМД елдері бойынша 1 орынға шықты

Енеңе жасаған жақсылығыңды міндетсінбе. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы «Таңғы STUDIO» бағдарламасында психотерапевт Жанна Сейтқалиева айтты. 

«Отбасында келін енесін шартсыз жақсы көруі керек. Енеңе жасаған жақсылығыңды міндетсінбе. Адамда ниет деген нәрсе бар. Алланың разылығы үшін жасап жатырсың. Біз ақыретте ниет үшін жауап береміз», – деді психотерапевт Жанна Сейтқалиева.

Психотерапевт айтуынша, әйел бүкіл жерге сіңіп кететін су секілді болуы керек.

«Әр отбасының өзіндік дәстүрі мен бағдарламасы бар. Әр әйел күйеуінің отбасын қабылдауы керек. Сіз өз ағашыңыздан күйеуіңіздің ағашына келіп қондыңыз. Енді Алланың қалауымен сол жақтан бұталар шығады, ол – сіздің балаларыңыз. Ол бұталар гүлдеп, жеміс беру үшін дана әйел тамырын қабылдау керек. Тамыр деген не – ол сенің күйеуіңнің туыстары, ата-енең, қайын апаң, қайын енең. Әйел бүкіл жерге сіңіп кететін су секілді болуы керек», – деді психотерапевт.

Айта кетейік, енеге байланысты психологтың ақыл-кеңесін толығырақ төмендегі видеодан көре аласыз.