Қаржы министрлігінің мамандарының айтуынша, ақшаны емдеу шараларына жұмсауға рұқсат жоқ
Ұлттық қордың ақшасы балалардың шотына 1 ақпанда аударыла бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал кәмелет жасына 2024 жылы толатын балалар қаражат шотына түскен кезден бастап өтінім бере алады. Ұлттық қор ақшасын пайдалану мақсатын растайтын құжатты көрсету арқылы әрі қарай сол ақшаны пайдаланса болады. Қаржы министрлігінің мамандарының айтуынша, ақшаны емдеу шараларына жұмсауға рұқсат жоқ.
– Ата-аналарға қордан ақша алу үшін ешқайда жүгінудің қажеті жоқ. Тек балаларының жеке шотының болуын қадағалау керек. Сонымен қатар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы түскен қаражатты көріп отыру үшін идентификациялық нөмірдің болуы шарт. Келесі жылы нақты қанша балаға түсіп бастайтынын айту қиын. Себебі кейбір балаларда 2 жеке сәйкестендіру нөмірі бар. Осы мәселе шешілген соң, нақты сан белгілі болады, – деді ҚР Қаржы министрлігі департаментінің директоры Айбол Арғынғазин.
Оқи отырыңыз: Tech Cup 2023: екі мыңға жуық жас өнертапқыш бақ сынасты