Патриоттық челлендж: Ақмола облысының өрт сөндірушілері көзге түсті

Сурет: видеодан алынды
Сурет: видеодан алынды
Қазақстан Республикасының көк туын желбіретті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арнап орындаған патриоттық челленждің видеосымен бөлісті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода өрт сөндірушілердің мұз үстінде коньки тепкен сәтін тамашалауға болады. Ең бастысы олар Қазақстан Республикасы туын желбіретіп, еліне деген өз мақтаныштарын паш етеді. Одан кейін кадрда Қазақстанның әр жылдары басынан өткерген қиын-қыстау сәтттерінің хронологиясы беріледі. Яғни, тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келмегенін, жүріп өткен жолда ата-бабамыздың қаны мен жаны, аманаты барын еске салады. Айта кетсек Алматыда бес мекеме ұжымы бір мезетте мемлекеттік Әнұранды орындап, желіде ұжымдық челлендж жариялаған болатын.


Оқи отырыңыз: Бүгін – Тәуелсіздік күні

Новости партнеров