|
13.01.2023 | 15:43
927

«Жастар рухы» жастар қанаты жұмыссыз жастарға кеңес бермек

Олар іс-шараны аптасына 2 рет өткізуді жоспарлап отыр

 «Жастар рухы» жастар қанаты жұмыссыз жастарға кеңес бермек Almaty.tv

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының «Жастар рухы» жастар қанаты жаңа жобаны қолға алды, деп хабарлпайды Almaty.tv.

Мемлекеттік мекеме өкілдерімен бірігіп, енді олар жұмыссыз жастарға кеңес бермек. Бүгін арнайы мобильдік топ құру арқылы ұйымдастырушылар «Жастарға кеңес» жобасы аясында консультативтік кездесу ұйымдастырды. Мұндай іс-шараны олар аптасына 2 рет өткізуді жоспарлап отыр.

«Жастарға кеңес береміз. Жұмыспен қамту, несие, кәсіпкерлік және мемлекеттік бағдарламалар бойынша тегін консультация берілетін болады», – деді қалалық AMANAT партиясы Жастар қанатының төрағасы Әкежан Кеңесов

«Байқағанымыздай, бұндай бағдарламаға түсіндірме жұмысына қызығушылық бар сияқты, көп. Сұрағы да әртүрлі. Жастар да жай сұрақ емес, терең, өмірге қажетті, практикалық тұрғыдан сұрақ қойып жатыр», – деді заңгер Бауыржан Серәлі


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир