Қалыңдық күйеуінің туысын тойға кіргізбей қойған

22.04.2019 20:43

Оған қонақтың киімі ұнамаса керек

Қалыңдық күйеуінің туысын үйлену тойына кіргізбейтінің айтты. Оған қонақтың киімі ұнамаса керек, деп жазды Daily Mail басылымы.

Қалыңдық желіде көк-қызыл түсті, «Марвел капитаны» суперқаһарманының стиліндегі жұлдыздары бар көйлек киген кішкентай қыздың суретін жариялады.

«Бүгін болашақ туыстарымның үйінде болдым. Күйеуімнің жиеніне көйлек таңдап жатқан оларға мен басқа көйлек іздеу керектігін айттым. Адамдар тойға не кию керектігін білмей ме?» - деп жазды қалыңдық.

Желі қолданушыларының дені оны қолдамады.

«Егер мұның суперқаһарманның көйлегі екенін айтпаса, өздігімнен білмейтін едім. Жұлдыздары бар әдемі көйлек», «Тойдағы қонақтар не киетінін өздері шешуі керек», - деп жазды желі қолданушылары.

Алайда қалыңдықты жақтағандар да болды:«Ол қыз жай ғана қонақ емес, отбасылық суреттерге түседі"  «Егер той ғарыш немесе суперқаһармандар тақырыбында болса, мұндай көйлек киюге болар еді», - дейді пікір қалдырушылар.