Онлайн форматтағы санақ 1 қыркүйекте басталады
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы бойынша Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков халық санағына дайындық пен санақ қалай жүргізілетінін түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі kursiv.kz-ге сілтеме жасап.
Айдар Әбілдабеков биылғы халық санағы бұған дейін өткен екі санаққа қарағанда «барынша цифрланғанына» мән берді. Енді мәліметтерді жинау процесі екі жолмен жүзеге асырылады.
Бірінші әдіс – мамандандырылған ресурс арқылы sanaq.gov.kz. сайтта респонденттер орналасқан жеріне қарамастан өздеріне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыра алады. Портал 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 15 қазанға дейін тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады.
Екінші әдіс – үй-үйді аралау. Белгіленген мерзім бойынша онлайн-режимде санақтан өтпеген азаматтарды аралайтын болады. Сұхбат алушылар қағаз парақтарының орнына электронды планшеттерді қолдана алады. Үй аралау 1-30 қазан аралығына жоспарланған.
Электронды сауалнама мен үйді аралау аяқталғаннан кейін интервьюерлер деректің қамтылуы мен дұрыстығын тексеру үшін өз учаскелерінде респонденттердің 10%-ын бақылау мақсатында аралайды.
«Бұл жерде қай әлеуметтік топқа жататынына қарамастан, әр адамның жауабы үлкен маңызға ие болады. 2021 жылғы ҚР Ұлттық санағының ұранына сәйкес, Қазақстан үшін әрбір адам маңызды», – деді ӨКҚ брифингі барысында А.Әбілдабеков.
Биыл санақ парақтарына енгізілген сұрақтар сан артқан ,67 негізгі сұрақ пен 20 нақтылаушы сұрақтан тұрады. Сұрақтар еуропалық статисттердің ұсыныстарына сәйкес іріктелген.
Халық санағын жүргізуге Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.
Статистика департаменті санақ қызметкерлерін толық емес жұмысқа қабылдауға дайын. Ниет білдірушілер Абай көшесі, 125 мекенжайы бойынша кадр қызметіне жүгіне алады.
«Әзірге біз бастапқы санақ қызметкерлерін таңдадық. Қазан айында бізге 2 мыңнан астам интервьюер қажет болады, сондай-ақ бізге резервшілер қажет. Барлық тартылған санақ қызметкерлері Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде тегін жол жүрумен қамтамасыз етіледі», – деді А.Әбілдабеков.
Халық санағында жан-жақты ақпарат алынады. Жиналған ақпарат халық санын есептеу мен елдегі таяу жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдай сипаттамасына негіз болады. Санақ нәтижелері аудан, қала мен ауы бөлінісіндегә халық саны мен оның құрамы туралы нақты деректер алатын өңірлерге аса қажет болады. Осы деректер негізінде уақтылы басқарушылық шешімдер қабылданады.
«Әр түрлі жастағы адамдардың қайда және қанша уақыт тұратынын біле отырып, мемлекеттік балабақшалар, мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандар салу жоспарланады. Сонымен қатар, санақ қорытындысы экономикалық дағдарыс, індет адамдардың өміріне қалай әсер ететінін бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұлттық жобалардың нәтижелерін шығаруға көмектеседі», – деп атап өтті спикер.
А.Әбілдабеков биыл тек ҚР азаматтары ғана емес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар да қайта саналатынын айтты. Сондай-ақ қызметтік Мемлекеттік міндеттерін орындауға байланысты шетелде жүрген қазақстандықтар (дипломатиялық корпус) және «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқудағылар да есепке алынады.
Шетелде тұрақты тұратын, сондай-ақ шетелге 12 ай және одан да көп мерзімге жұмысқа немесе оқуға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары, өз мемлекеттерінің дипломатиялық және басқа өкілдіктерінде жұмыс істейтін шетел азаматтары, шетелдік әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері қайта саналмайды.