Облыстың бір ғана ауданында 230 азамат айыппұл төлемей, жалтарып жүрген
Түркістан облысының бір ғана ауданында 230 азамат айыппұл төлемей, жалтарып жүрген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жетісай ауданында «Борышкер» арнайы профилактикалық іс-шарасы өтіп, полицейлер рейд жүргізді. Айыппұлды ерікті және мәжбүрлеп өндіру бойынша ұйымдастырылған тексеріс кезінде 12 азамат анықталып, әкімшілік хаттама толтырылған. Олардың автокөлігі айып тұрағына қойылды. Осы ретте облыстың тәртіп сақшылары тұрғындарды айыппұл төлемін хаттама рәсімделген күннен бастап 7 немесе 30 күн аралығында өтеуге шақырды.
«Іс-шара барысында 1 595 806 теңге салынып, 1 65644 теңге өндірілді. Жеке сот орындаушыларға 520 қаулы жолданып, жалпы 5 млн 742 502 теңге болды. «Борышкер» іс-шарасы барысында арнайы айыппұл автотұрағына 17 автокөлік жіберілді», – деді Жетісай АПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Асхат Бақбергенов.