Аймақта 400 шақырым жылу желісі бар
Екібастұзда жылу құбырлары әлі қазулы күйі жатыр. Жылыту маусымына дайындық барысының баяу жүруіне қатысты шағымға облыс әкімі жауап берді, деп хабарлайды Amaty.tv.
Асайын Байхановтың айтуынша, жылу желілеріне бірде-бір жөндеу жасалмағандықтан, жоспарлы жұмыс кестеден кешігіп жатыр. Екібастұзда 400 шақырым жылу желісі бар.
– Бүгінде 65 шақырым жылу желісінің 55-і аяқталды, бүкіл жұмыстың 80 пайыздан астамы жасалды. 20 қыркүйекке дейін толық аяқтаймыз, – деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы АЭС салу мәселесін жалпыұлттық референдум шешетінін айтты