Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Instagram аккаунты бұзылды

26.01.2020 20:45

@akimat_nur_sultan ресми аккаунты аптаның басында бұзылуына байланысты, жаңа парақша ашылды

anews.com

Нұр-Сұлтан әкімдігінің Instagram аккаунты бұзылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Нұр-Сұлтан әкімдігінің Instagram желісіндегі @akimat_nur_sultan ресми аккаунты аптаның басында бұзылуына байланысты, жаңа парақша ашылды. Ресми жаңалықтарды akimat_nursultan парақшасында жариялайтын боламыз», - делінген хабарламада.