Нұр-Сұлтанда «Lexus» көлігі жедел жәрдемді соғып кетті (фото)

22.05.2019 20:45

Желіде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Lexus» пен жедел жәрдем көлігі қатысқан жол апатының суреттері пайда болды. Кадрдан бүлінген транспорттарды, тас жолдың үстіндегі қанды байқауға болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты туралы ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының баспасөз қызметі растады.

Олардың айтуынша, 21 мамыр күні 15:15-те Маралды мен Керегетас көшелерінің қиылысында «Lexus GS300» жүргізушісі жедел жәрдем көлігімен соқтығысты.

Жүргізушілер мен фельдшер дене жарақатын алып, олардың ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде.