Алматы облысында емізулі баласымен жоғалып кеткен келіншек табылды

Алматы облысында емізулі баласымен жоғалып кеткен келіншек табылды
Екі ай бойына келіншек Алматы облысы, Балқаш ауданындағы фермада болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Емізулі баласын алып, үйінен кетіп қалған 22 жастағы Ақмарал Қалдыбаева Алматы облысы, Балқаш ауданындағы фермадан табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, келіншекке туыстарымен хабарласу керектігін айтқан.

"Жас келіншекті іздестіру шаралары дереу бақылауға алынды, оған учаскелік полициядан басқа, облыстық департаменттің жедел-іздестіру бөлімі де қосылды. Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалған әйелдің мекен жайы анықталды. Оның осы уақыт бойы көршілес Балқаш ауданында азаматтық некедегі жолдасымен болған, сол жердегі фермалардың бірінде жұмыс істеген. Полиция қызметкерлері онымен кездесіп, туыстарымен байланысуын өтінді", - делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында үш айлық нәрестесімен 22 жастағы келіншек Ақмарал Қалдыбаеваның жоғалып кеткені хабарланды. Жас отбасы әйелдің туыстарының үйінде тұрған.

Соңғы уақытта күйеу бала жұмысқа тұрақтамай, табыс таппай жүріпті. Сол себепті, келіншектің әжесі ер адамға ақыл айтып, біраз ұрысса керек. Осыдан кейін Ақмарал баласын алып, үйден кетіп қалған.

Содан үш ай уақыт өтсе де, ешқандай хабар болмағандықтан келіншектің туыстары амалсыз полицияның көмегіне жүгінген.

Новости партнеров