Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты мәліметтер толық цифрландырылмақ

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты мәліметтер толық цифрландырылмақ
Қазақстанда 685 мыңнан астам кембағал адам бар, оның 421 мыңы еңбекке қабілетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік қызметтер порталын дамытуға кез келген азамат ой қоса алады. Бүгін еліміздің ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Алматыға арнайы келді. Мүмкіндігі шектеу жандармен болған кездесуде жүйені жетілдіру жолдарды талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Есте болса, ағымдағы жылдың шілде айында порталдың бірінші кезеңі іске қосылған еді. Пилоттық жоба қазір Ақтөбеде жүзеге асуда. Жаңа жүйенің ерекшелігі сол, мүгедектер әлеуметтік көмекті таңдап, үйде отырып-ақ ала алады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға арналған техникалық құралдарды сатып алуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, Қазақстанда 685 мыңнан астам кембағал адам бар. Оның 421 мыңы еңбекке қабілетті.

«Біздің міндетіміз – барлық процесстің сандық жүйеде нақты жүзеге асуын қадағалау. Мұндай сервис бізге аса қажет. Нәтижелі жұмыстарды тәжірибеге алып, жаңашылдықты енгізу керек. Мәселен, порталда мүгедектігі бар адамдар жайлы толық ақпарат болады. Сол арқылы біз оның кім екенін, денсаулық жағдайы мен қандай оңалту бағдарламасы тағайындалғанын көре аламыз. Олар бізден көмек сұрамауы керек, біз өзіміз оларға баруымыз керек», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов.

Новости партнеров