Оған қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылды
Алматыда сот қалалық жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына 3,3 млн теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы Алматы департаментінің мамандары қалалық Жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына қарасты істі тергеп бітті. Оған қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылды.
«Іс материалдарына сәйкес, ол шетелдік жұмыс күшін тартуға заңсыз рұқсат беріп отырған. Сонымен қатар, Заханов, Карасев, Дүйсенбинова деген азаматшалармен бірігіп, заңсыз көші-қон процесін ұйымдастырған»,
– делінген хабарламада.
Айта кетейік, сот Абуоваға 3,3 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Сонымен қатар, оған 3 жылға мемлекеттік қызметке орналасуға тыйым салынды.