Бүгін телеарналардан Президенттің эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі
Б. Уәли Facebook парақшасынан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін телеарналардан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестері мен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап береді», – деп жазды Б. Уәли Facebook парақшасында.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты сағат 20:00-де «Хабар» және «Хабар 24» телеарнасынан көрсетіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
20.09.2026 09:04
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.09.2026 16:47