Бүгін телеарналардан Президенттің эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі

29.01.2022 21:21
Б. Уәли Facebook парақшасынан

Бүгін телеарналардан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv

«Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестері мен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап береді», – деп жазды Б. Уәли Facebook парақшасында.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты сағат 20:00-де «Хабар» және «Хабар 24» телеарнасынан көрсетіледі.