|
13.02.2020 | 15:46
1527

Былтыр елімізде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 1002 адам сотталған

Ал осы жылдың қаңтар айында 968 іс тергеуде болған

Былтыр елімізде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 1002 адам сотталған /2ser.com/d

Пара аламын деп заң алдында жауап бергендер ішінде 515 адам орталық мемлекеттік органдардың қызметшісі, ал, 261 - жергілікті атқарушы органдардың және 37 адам квазимемлекеттік сектор маманы.  Ал осы жылдың қаңтар айында 968 іс тергеуде болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың ішінде 140-тан астам іс сотқа жолданған. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте жемқорлыққа бейім салалар аталды.

«Орталық мемлекеттік органдардың ішінде топ бестікке ІІМ, Қаржы, Қорғаныс, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері кіреді. Негізінен қылмыстар аталған министрліктердің аумақтық бөлімшелерінде немесе ведомстволық бағынышты ұйымдарында жасалған», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция департаментінің басшысы Анар ЖАРОВА.

Енді сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу сыйақы құны артты. Егер параның немесе келтірілген залалдың сомасы 2 млн 651 000 теңгеден аспаса сыйақы көлемі қылмыстың санатына қарай 30-дан 100 АЕК-ке дейінгі соманы құрайды. Ал, параның сомасы 1000  айлық есептік көрсеткіштен көп болса сыйақы көлемі көрсетілген соманың 10 пайызын құрайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир