|
Qoǵam
14.08.2020 | 15:46

Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды

Жезқазғанның бұрынғы әкімі Қайрат Бегімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды

Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды  Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

Жезқазғанның жаңа әкімі болып Қайрат Әбсаттаров тағайындалды. Бұған дейін ол "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі қызметін атқарған.

Жаңа басшыны Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайрат Бектайұлының мемлекеттік басқаруда тәжірибесі бар, қаладағы мәселелерді біледі және шешімін табады. Ол тәжірибесімен білімінің арқасында президент қойған міндеттерге сәйкес жұмысты ұйымдастыра алады», – деді Қасымбек.

Қаланың жаңа басшысының кандидатурасы Жезқазған мәслихатының депутаттарына кезектен тыс сессияда ұсынылды. Олар Қайрат Әбсаттаровқа бірауыздан дауыс берді.

Ал Қайрат Бегімов президент әкімшілігінің келісімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқарып отырған қызметінен босатылды.

Қайрат Бектайұлы Әбсаттаров 1966 жылы Жезқазғанда дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын "автомобиль және автомобиль шаруашылығы" мамандығы бойынша;

1998 жылы О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін "экономика және өндірісті басқару" мамандығы бойынша;

2018 жылы "МИСиС" Ұлттық техникалық зерттеу университетін "іскерлік әкімшіліктендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1990-1997 жылдары Жезқазғанның автомобиль өнеркәсібінің өнеркәсіп кәсіпорындарында, Қарағанды облысының әкімшілік аппаратында еңбек еткен.

Әр жылдары стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінде, Қазақстан президентінің әкімшілігінде жұмыс істеген, ақпарат және байланыс министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарды. Сонымен қатар көлік және коммуникация вице-министрі, бірнеше министрлікте комитет төрағасы болды. Одан кейін премьер-министр кеңсесін, өңірлік даму департаментін басқарды.

2019 жылдан бастап осы күнге дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі болған.

"Құрмет" орденімен марапатталған.

‡агрузка...

Прямой эфир