Қабырғаның сырты 30 пайыз бүлінген: Зерделідегі №36-үйде қалпына келтіру жұмыстары жүруде

Almaty.tv
Almaty.tv
Үй қабырғасы 10 күнде ретке келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Зерделі ықшам ауданындағы №36 тұрғын үйдің бүлінген бүйір қабырғасы қайта қалыпқа келтіріліп жатыр, деп жатыр Almaty.tv.

Бүгін құрылысшылар сылақты қайта сүріп тастап жұмысқа қызу кіріскен. Естеріңізге салсақ, өткен апта соңында тұрғын үйдің қабырғасының қасбеті қирап қалған еді. Мамандар оқыс жағдайдың себептерін атады. Олар жаңбыр суы жапсарласқан қалқандардың арасынан өтіп, суық күндері мұз болып қатып, жылу беру үшін қапталған материалды қабырғадан ағытып жібергенін, нәтижесінде дуал мен сылақ арасында ауа пайда болып қатты желдің әсерінен үйдің сырты құлап қалғандығын айтқан.

«Қала әкімдігі тарапынан тиісті шаралар атқарылып жатыр. Қабырға 10 күнде ретке келеді. Бұл үй 2012 жылы қолданысқа берілген. Үйді салған «Астана құрылыс» мердігерлік компаниясы. Қабырғаның сырты 30 пайызға қираған, яғни бұл шамамен 40 шаршы метр», – деді  Жайлы қалалық орта басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ұлан Оңалбаев  

Новости партнеров