40 отбасына азық-түлік қоржыны тарту етілді
Алматыда «Бақытты отбасы» орталығы «Аманат» партиясының Медеу аудандық филиалының қолдауымен көпбалалы отбасына арналған ақпараттық-танымдық іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Отан отбасынан басталады» атты басқосуда аталмыш әлеуметтік орталықтың қызметімен танысуға мүмкіндік алып, отбасылық құндылық, бала тәрбиесі төңірегінде әңгіме өрбітті. Ал бала тәрбиесімен үйде отырған аналарға тігін тігу, қыш илеу және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Сондай-ақ 40 отбасына азық-түлік қоржыны тарту етілді.
«Көпбалалы отбасындағы аналар бала тәрбиесімен үйде отырады. Кейде жұмысқа шығуға мүмкіндігі болмайды. Бірақ, сонда да біз оларды еңбек етуіне мүмкіндік жасаймыз. «Бақытты отбасы» орталығынан түрлі кеңес алып, жұмыс қарастыруға болады», – деді «Amanat» партиясы Медеу аудандық филиалының атқарушы хатшысы Азат Әжіманов.