Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен атындағы халықаралық турнир өтеді

09.10.2019 20:47

Аталған шараға әлемнің 15 елінен спортшылар қатысады

Қазан айының 10-13-і аралығына жопарланған спорттық сайыста жастар мен ересектер жеке, жұптық және мұздағы спорттық би бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жарыстың бірінші күнінде жастар мен ересектер арасында қысқа бағдарлама өтсе, жұптық және мұздағы спорттық бишілер турнирді қорытындылайды. Denis Ten Memorial Challenge «Халық аренада» ұйымдастырылмақ.

«Мұндай кең ауқымдағы алғаш ұйымдастырылып жатқан додаға спортшылар 15 мемлекеттен келіп қатысады. Олар қазірдің өзінде тіркеуден өтіп қойды. Біразы тіпті, қалаға келіп үлгерген. Турнирдің салтанатты ашылуы 10 қазан күні сағат 17.00-де болады. Жарыс 4 күнге жалғасады», - деп хабарлайды Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем БАЙСЕЙІТОВ.