Алматының сәулетшілері мен белсенділері мегаполистің дамуын талқылады

25.02.2020 20:47

Қазір қоғамдық кеңістіктің 30 жобасы әзірленуде

Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінде кешенді іс-қимылды қажет ететін шешімдерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

"Бүгін танымал әрі жас сәулетшілер мен қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінде кешенді іс-қимылды қажет ететін шешімдерді талқыладық. Бүгін біз Алматының Бас жоспарына түзетулер енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз.  Ол орталықтандыру қағидатына негізделген мегаполистің эволюциялық дамуының барлық негізгі тетіктерін қамтитын болады. Бұл ретте бізге ғұмырын сәулет саласына арнаған кәсіпқой мамандар қажет. Мысалы, қазіргі кезде  қоғамдық кеңістіктің 30 жобасы әзірленуде. Олар негізгі сипаттары ғана емес, сонымен қатар эстетикалық толықтығымен де тартымды болулары тиіс. Жалпы біз «Алматы-2050» Стратегиясында ескерілген сәулет өнерінің  дамуына жаңа серпіліс беруді мақсат еттік. Іскерлік кеңес жанындағы креативті индустрия комитеті қаланы дамытудың ағымдық және перспективалық мәселелері бойынша пікір алысатын пәрменді диалог алаңына айналуы тиіс", – деп жазды қала әкімі.