Алматы қаласы Бостандық ауданы тұрғындарының назарына!
Сізді аудандағы жол немесе коммуналды шаруашылық мәселесі мазалай ма? Коммуналды қызмет көрсететін компанияларға шағымыңыз бар шығар? Әлде әлеуметтік төлемдер жайынан хабардар болғыңыз келе ме?
Ендеше аудан әкімі Алтай Рақымбетовке өз сауалыңызды тікелей қойып, жауабын барынша қысқа уақытта алыңыз.
Ол үшін https://almaty.tv/kz/otkrytyy-razgovor-s-akimom сілтемесі арқылы өтіп, сұрағыңызды сол жерге қалдырыңыз. Оқырмандардың ең көп даусын жинаған 5 сұрақ әкімге 2 мамыр күні «Алматы» телеарнасының тікелей эфирі кезінде қойылады. Қалған сұрақтардың бәріне әкімдік қызметкерлері 10 жұмыс күні ішінде жазбаша жауап береді.
Ауданның дамуына бейжай қарамай, сұрақтарыңызды жолдаңыз!