ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірігіп мерекелік концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шара бірлік күніне орайластырылған. Әр этнос өкілі ұлттық нақыштағы киімін киіп, өз өнерін көрсетуге тырысты. Академия курсанттары түрлі халық мәдениетіне куә болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара жастар арасындағы бірлік пен өзара ынтымақты арттырады.
«Бұл жерде біз достықты көрсетуіміз керек. Қандай ұйымшылдық, бір-бірімізге деген сыйластық, ешқашанда достығымыз ажырамасын дейміз. Сондай мақсатта шара ұйымдастырып жатырмыз», – деді ҚР ІІМ М.Есболатов Атындағы Алматы Академиясының аға оқытушысы Айнұр Тен.