Қазақстанда ұялы телефон нөмірлеріне биометриялық дерек тіркеледі

elements.envato.com
elements.envato.com

Тиісті бұйрық жобасы 3 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда "Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізуге дайындық жүргізіліп жатыр. Ашық құқықтық актілер сайтында тиісті құжат жобасы пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қашықтан ұялы байланыс қызметін көрсетуге келісім-шарт жасасу үшін олар қазақстандықтарды өздерінің биометриялық деректерін, бет бейнесін ұсынуды міндеттеді. Бұл жоба абоненттік нөмірді бөтен есімге тіркейтін қылмыскерлердің жолын кесу мақсатында енгізілмек.

Тиісті бұйрық жобасы 3 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтардың ұялы телефон нөмірлерін биометриялық деректермен байланыстыруға болатынын бір жыл бұрын мәлімдеген еді.

"Біз ұялы телефонды тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіруді жүргіземіз. Бір адамға нөмірлердің сомасы ресімделеді, олар шетелге шығарылғанда алаяқтар сол арқылы алаяқтық әрекеттерді жасай бастайды. Бұған жол бермеу үшін біз қазір нормативтік құжаттарға қажетті өзгерістер енгізіп жатырмыз. Техникалық тұрғыдан дайынбыз. Көріп отырғаныңыздай, биометриялық сәйкестендіру барлық жерде қолданылады", - деді министр Бағдат Мусин.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде IMEI коды + SIM картасы + жеке ЖСН схемасы бойынша құрылғыларды міндетті тіркеу ережелері күшіне енді. Қазақстандықтардың әрбір құрылғысы оған орнатылған SIM картасына автоматты түрде қосылады.

Новости партнеров