|
11.03.2023 | 15:49
452

Қытай Қазақстанға шығу турларын қалпына келтіреді

Бұл тізімге Қазақстаннан басқа бірқатар елдер кіреді

Қытай Қазақстанға шығу турларын қалпына келтіреді Фото: Ашық дереккөзден

Қытай 15 наурыздан бастап ұйымдасқан топтардың Қазақстан мен кейбір елдерге туристік сапарларын қайта бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2023 жылдың 15 наурызынан бастап бүкіл ел бойынша туристік агенттіктер мен онлайн-компаниялар эксперименттік негізде Қытай азаматтарына белгілі бір елге шығуға топтық турлар мен «авиабилет+қонақүй» қызметін ұйымдастыруды қалпына келтіреді», – делінген ҚХР Мәдениет және туризм министрлігінің мәлімдемесінде.

Бұл тізімге Қазақстаннан басқа Непал, Бруней, Вьетнам, Моңғолия, Иран, Иордания, Танзания, Намибия, Өзбекстан, Грузия, Әзербайжан, Армения, Сербия, Хорватия, Франция, Греция, Испания, Исландия, Италия, Дания, Португалия, Словения, Бразилия, Чили, Уругвай және басқа да бірқатар елдер кіреді.

2023 жылдың 8 қаңтарында Қытай билігі жұқпалы аурулар рейтингіндегі COVID-19 классификациясын «А» санатынан «В» санатына түсіріп, Қытайдан басқа мемлекеттерге саяхатты біртіндеп қалпына келтіре бастады. Туристік мақсатта шетелге шығуға төлқұжат алу үшін Қытай азаматтарының өтінішін қабылдау және қарау рәсімі қалпына келтірілді.

Қытай статистикасына сәйкес, 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында қытайлық туристер шетелде 1 127,5 млрд доллар жұмсаған. Америка континенті 24%-бен екінші орында, одан кейін Еуропа – 13%.

Бұған дейін Қытай басшылығы ковидті жеңгенін жариялаған болатын. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының тұрақты комитетінің өкілдері Қытай өткен қарашадан бастап COVID-19 алдын алу және бақылау саласында үлкен жеңіске жеткенін атап өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир